Елімізді есірткімен есірткісі келген шетелдіктер ұсталды
Қазақстанға есірткі мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан шетелдіктер қолға түсті.
26 наурызда Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен арнайы бөлімшенің қызметкерлері топтың ұйымдастырушысы мен үш көмекшісін ұстады. Жедел тексеру кезінде олардан 30 келіден астам апиын және 10 қаптама "метадон" психотроптық заты табылды. Шетелдік азаматтар есірткіні Қазақстан аумағына теңіз жолымен тұрақты жеткізіп келген. Топ мүшелері заманауи спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған жылдам жүретін қайықтарды пайдаланған.