Астанада мүгедек жандардан заңсыз төлем алынып келген
Астанада салық органдарының мүмкіндігі шектеулі жандардан заңсыз төлем өндіріп келгені анықталды.
Жауаптылар салықты есептеу кезінде тұрғындардың жеңілдігі бар-жоғын анықтауға да тырыспаған. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, жергілікті нотариус қызметі де мүгедектерден мемлекеттік БАЖ алып отырған. Ал заң бойынша, олар бұл төлемдерден босатылуы керек еді. Биылдың өзінде дәл осындай мыңнан аса заңбұзушылық тіркелді.
Жанагүл Дәрібаева, Астана қ. прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:
- Елордадағы кейбір нотариустер аталған адамдардан мемлекеттік бажды заңсыз өндіріп алған. Ал Салық кодексімен олар төлемнен босатылған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша деке нотариустар мен салық салушылардың қызметіндегні заңсыз практика алынып тасталды.