Браконьерлер инспекторлардың өміріне қауіп төндіріп, қашып кеткен

Іле өзенінде заңсыз балық аулаушылар мемлекеттік инспекторларға қарсылық көрсетіп, өмірлеріне қауіп төндірген. 

Оқиға Балқаш ауданы Көкжиде ауылының маңайында рейдтік шаралар жүргізу барысында болды. Беттерін бұркемелеген алты адам, балықты тиым салынған электр құралдарымен ауламақ болған. Оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, ізін жасырған. Қазір аталған оқиға бойынша облысаралық балық шарушылығы инспекциясы Балқаш аудандық полиция басқармасына қылмыстық іс қозғау жөнінде арыз берді.Күдіктілерді анықтау жұмысы басталды. Айта кетейік, Іле өзенінің жоғарғы ағысында 25 наурыздан 5 шілдеге дейін балық аулаға рұқсат жоқ.

Ринат Құмашев, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары: 

- Қазіргі таңда ҚР Қылмыс кодексінің 380 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау қарастырылуда. Аталған бапқа сәйкес, заң бұзушыны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қазіргі таңда Балқаш Алакөл бассейнінде, Іле өзенінде балық аулаңа тиым салынған.