Бір үйір жылқы суға батып кетті

Жүзге жуық жылқы Есіл өзеніне түсіп кетіп, шыға алмай қалған.

Кешегі қарлы боранда ыққан малды бақташылар су ішінен тапқан. Бұл Ақмола облысының Бастау ауылы маңында болған жағдай. Құтқарушылар қайықпен мұз арасынан жол аршып, малды жағаға айдап шықты. Ал 30-ға жуық жылқы су астында қалған.