Жаңаөзенде газ баллоны жарылысынан 11 адам зардап шекті

Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті. Оқиға бүгін таңғы бестер шамасында 2-қабатты тұрғын үйде болды.

Апаттың  салдарынан ғимараттың 150 шаршы метрі қираған. Үйдің жалпы ауданы - 600 шаршы метр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар дәрігерлерге табысталды. Жедел штаб құрылды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Үйіндіні аршу жұмыстарына 50 құтқарушы мен маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 10 техникасы жұмылдырылған.