Жаңаөзендегі жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бүгін Жаңаөзенде болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Апат орнында 4 адамның мәйіті табылды. 2 әйел, бір ер адам және 3 айлық қыз бала. Тағы 14 тұрғын дене жарақатымен қалалық ауруханада жатыр. Жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түскен екі науқастың бірі тікұшақпен Ақтауға жеткізілді. Газ-ауа қоспасы жарылған сәтте 2 қабатты үйдің бір бөлігіндегі 4 пәтер толық қирады. Авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.