Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді
Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы мен бухгалтері мекемеде жұмыс істемейтін қызметкерлердің есеп-шоттарына еңбекақы аударып отырған.
Олар 543 миллион теңге ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәліметінше, қазір іс тергеліп жатыр.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сондай-ақ ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген. Сот үкімімен танылғанша, кінәлі емес деп есептеледі.