Павлодарда жеті жылқыны пойыз басып кетті
Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті.
Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады. Бұл азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.