Астанада балабақша шатырынан өрт шықты

Астанада жекеменшік балабақшаның шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау 300 шаршы метрді жерді шарпыған. Көрші үйдің шатырына да от тиген. Ғимараттағы 26 бала өрт сөндірушілер келгенше сыртқа шығарылған. Төтенше жағдайлар қызметі ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарлады. Оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр.

Аягөз Фазылова, қалалық ТЖД ресми өкілі:

- 7 минуттың ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетті. Келген уақытта екі қабатты ғимараттың төбе бөлігі ашық өртпен жанып жатқаны анықталды. Жалпы балабақша 70 балаға арналған. Өрт сөндірушілер жедел түрде 40 минуттың ішінде өртті толығымен ауыздықтады. Жеке құрамнан 40 адам мен 13 бірлік техника жұмылдырылған. Өрттің себебі және залал көлемі анықталып жатыр.