Шиелі ауданында жол апатынан 1 адам көз жұмды
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жасөспірім көліктің рөліне ие бола алмай, аударылып қалған.
Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 3 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Қазір 17 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы кәмелетке толмағандардың жолдағы жүгенсіздігі тыйылмай тұр. Мысалы, 2 мамыр күні де Тасбөгет бағытындағы жолда жарысқан 3 көлік бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жамал-Ад-Дин Назарбек ОПД басқарма бастығы:
- Дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.