Абай облысындағы орман өрті дес бермей тұр. LIVE

Қатты соққан жел өртті өшіруге мүмкіндік берер емес.

Қазір қызыл жалынды өшіруге 300-ден астам адам мен 100-ге тарта техника жұмылдырылған. Астана мен Шығыс Қазақстаннан  көмекке келген екі тікұшақ әуеден су шашу жұмысын жүргізуде. Үдей соққан жел тікұшақтың жұмыс істеуіне де кедергі келтіруде. Тіпті жедел штаб қайта-қайта орнын ауыстыруға мәжбүр.

Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, өрттің үш ошағының екеуі сөндірілген.

Алдын ала есеп бойынша 1500 гектар қарағайлы орман отқа оранған.