Абай облысында өртті 10 тікұшақ сөндіріп жатыр
Абай облысындағы орман өртін толық сөндіру үшін бір аптадай уақыт қажет.
Жедел штаб өкілдері осылай деп мәлімдеді. Қазір өрт сөндірушілер мен әскерилер жартылай жанған ағаштар мен қоламтаға су шашып, құм төгіп жатыр. Оқиға орнында 852 адам, 201 техника, 1 өрт сөндіру пойызы мен 10 тікұшақ жұмыс істеуде. Бұған дейін әуеден 745 тонна су төгілген. Ең бастысы, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Осыдан үш күн бұрын эвакуацияланған Березовка санаторийі ауылы тұрғындары біртіндеп үйлеріне орала бастады. Алдын ала болжам бойынша 3 жарым мың гектар алқап отқа оранған.