Рудныйда баланы кірпі шағып алды
Қостанай облысының Рудный қаласында 12 жастағы жасөспірімді жабайы кірпі тістеп алды.
Ол оны бақшада тауып алып, үйіне әкелген. Сипамақшы болған сәтінде кірпі қолын тістеп алыпты. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізіліп вакцина салынған. Оның ішінде құтырма ауруына қарсы қажетті ем-дом жасалды. Аурудың мұндай түрі осыған дейін үш жануардан, түлкі, сиыр және иттен анықталған. Олар он екі адамды тістеп үлгірді. Әрқайсысына тиісті екпе жасалды. Ал жыл басынан бері 750-ден астам облыс тұрғыны жануарлардан зардап шеккен.
Әсел Баймұхаметова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Оның 231-і балалар мен жасөспірімдер. 526 адамды ит қапса, 300-ден астам адамды мысық тырнап тістеген. Және басым бөлігінің бас, мойын, қол саусақтары жарақаттанған. Вакцина жеткілікті. Егер ондай жануарлардың шабуылына ұшыраған болсаңыз, бірден дәрігерлер көмегіне жүгінген абзал.