Каспийдің суы беймәлім қара түске боялды
Ал осы уақытта қарт Каспийдің жағасы қара түске боялып, батпағы шығып жатыр.
Ақтау тұрғындары қолқаны қабатын жағымсыз иістен шошып, жағалауға барудан қалған. Экологтар аумақта тексеріс жүргізіп, жылдар бойы жиналған балдыр шіріп жатыр деп қорытынды жасады. Осы шіріген балдырдың лайын толқындар су бетіне шығаруы мүмкін дейді. Мамандар қала әкімдігіне арнайы техника көмегімен тазалық жүргізуді ұсынып отыр.
Руслан Төкенов, облыстық экология департаментінің басшысы:
- Мамандар барып қарап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оның табиғи құбылыс екені анықталды. Қазіргі кезде қосымша сынамаларды алдық. Жалпы ол жер рекрациялық аймақ болып табылады. Яғни ол жерде қандай да бір шаруашылық қызметі, басқа да үлкен зауыт ештеңе жоқ. Жазда адамдардың демалатын жері.