Бұқтырмаға мұнай төгілді

Бұқтырма су қоймасына құрамында мұнай бар қоспа төгілді.

Өлкедегі ең көрікті су көзінің бұлай ластануына тұрғындар қатты  алаңдаулы. Экологиялық инспекторлар ол жаққа барып, тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізді. Майлы дақ шамамен 10 мың шаршы метр аумаққа тараған. Болжам бойынша бұл қалдық - су көліктерінің бірінен аққан жанармай  болуы мүмкін. Өйткені дәл сол маңда ірі су транспортына арналған айлақтар көп. Қазір сынама алынып, сараптама жүргізіліп жатыр.

Рауан Тұраров, экология департаменті басшысының орынбасары:

- Батып кеткен бір қайық бар екен, оның ішіндегі енді багы ма екен басқа да  мұнай қалдықтары сақталған ыдыс па екен, содан ақты деген бір ой бар, бірақ енді оның бәрі қазір тексеріледі. Оның бәрі қарастырылатын болады.