loader


Абай облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Осы алапат өртке байланысты Абай облысында және Семейдің өз басында да табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртпен күрес үшін арнайы штаб құрылған. Қазір жергілікті әкімдік орман өртімен алысып жатқан құтқарушыларға ауызсу, тамақ жеткізіп, жатын орын дайындап жатыр. Еріктілер де көмекке келді. Оқиға орнында мамандар отпен күні-түні арпалысып жатыр.