Абай облысында 60 мың га орман алқабы жанып кетті

Абай облысында осы уақтықа дейін 60 мың гектар орман алқабы жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семей орманы резервінде бұрын-соңды мұндай ауқымды өрт болған емес, - дейді мамандар. Қазір өрт сөндіру техникалары Жерновка ауылының маңын қорып, отты өшіріп жатыр. Тағы бір шоғыры Бородулиха ауданы маңында.

Естеріңізге сала кетейік, өрт бүгін түске таман шыққан. Сағат 12-нің кезінде Төтенше жағдайлар қызметіне Семейден 25 шақырымдай жердегі орманда от байқалғаны туралы хабар келген. Болжам бойынша, 2 жерге жай түскен. Ал өртті жедел жетіп сөндіруге сол аумақтағы құмды қыраттар кедергі болғанға ұқсайды. Өйткені мұндайда ауыр техникалардың қозғалуы қиын. Ал техника жеткенде 20 гектар алқапты от шарпып, өрт одан әрі ие бермей кеткен. Өйткені күннің ыстығы әрі жел көтеріліп. айналасы 2 сағатта өрттің ауқымы 20 гектардан 200 гектарға дейін жайылған. Енді 60 мың гектарды жайпап кетті.