Абай облысындағы құтқарушыларға еріктілер көмекке келді
Абай облысындағы өртті сөндіруге еріктілер де көптеп көмектесіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар азық-түлік жинап, тамақ дайындап, оны құтқарушыларға жеткізеді. Маңайдағы ауыл адамдары да қолынан келгенін жасап, тамақ әкеліп жатыр. Жеке кәсіпкерлер 1 тоннадай таза ауызсу, 20 келідей қой еті, консервілер, 1000-ға тарта нан және басқа да азық-түлік жеткізген. Тіпті ыдыс, гигиеналық заттар да әкелді. Жергілікті билік те өз тарапынан ауызсу жеткізіп тұр. Дала асханасында еріктілер қызмет қылып жүр. Мұндай дала асханасы Бородулиха және Успенка ауылдарында құрылған. Ыстық тамақ үздіксіз келіп, таратылып жатыр.
Қазір өрт шыққан аумақта 80 ерікті және 40 техника осы істерді атқарып жүр. Ал өрт сөндіруге тек арнаулы мамандар жұмылдырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, адам күші жеткілікті.