Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан Тәжікстанның төрт азаматы көз жұмды.
Оқиға бүгін, таңертең Самара-Шымкент автожолының бойында болды. Қобда ауылы маңында "Hyundai" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жасар жасөспірім оқиға орнында мерт болды. Тағы екі адам аудандық ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен 4 адам дәрігерлердің бақылауында.
Айдос Құлжанов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Алдын ала болжам бойынша автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.