Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің мәйіті табылды
Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі табылды.
Арнайы жүргізілген іздестіру шаралары барысында ер адамның мәйіті Көкшетаудағы Қылшақты өзенінің терендігі 2 метр болатын қазаншұңқырынан табылған. Жауапты ведомство өкілдерінің сөзінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр.Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.