Шекарашылар 6 миллион долларлық есірткінің ел аумағына өтіп кетуінің жолын кесті
Қазақстан аумағына 6 млн долларға есірткі әкелмек болғандар қолға түсті.
Шекарашылар Жамбыл облысындағы "Қарасу" өткізу пунктінде каннабис шайыры тиелген жүк көлігін тексеріп, 800 келі тыйым салынған затты тәркіледі. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер есірткіні ресейлік сатып алушыларға жеткізбек болған.