Ақтөбеде 17 жастағы скутер жүргізуші көлік апатынан қаза тапты
Кәмелетке толмаған бозбала ВАЗ автокөлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қасындағы 19 жастағы жолаушы облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Қазір «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы жыл басынан бері елде мопедтердің қатысуымен 100 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 4 адам опат болып, 107-сі дене жарақатын алды. Екеуі көз жұмды. Тәртіп сақшылары көбіне жастар зардап шегеді дейді. Сондықтан скутердің рөліне отырмас бұрын тиісті курстан өтіп, тәжірибе жинауға кеңес береді. Ата-аналарға да кәмілетке толмаған балаларына мұндай сыйлық әперер алдында ойланғаны абзал екенін алға тартып отыр.
Еркін Өтеген, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а.
- Өкінішке қарай, жүргізушінің үшеуі де – кәмілет жасқа толмаған бозбалалар. Скутер және самокат жүргізушілері велосипедшілерге арналған жолақтармен жүруі тиіс. Егер олар болмаған жағдайда, жол бөлігінің оң жақ жанымен жүруге рұқсат беріледі. Және де қорғаныс шлемдерімен, жарық қайтарғыш киімдермен қамтамасыз етілуі қажет.