Алматы облысының ревизоры есепшіден 500 мың теңге пара алу күдігімен ұсталды
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Алматы облыстық ревизиялық комиссияның мемлекеттік аудиторын ұстады.
Күдіктіге «мектеп есепшісінен 500 мың теңге пара алды» деген айып тағылып отыр. Жемқорлық фактісі білім саласындағы кешенді тексеріс нәтижесінде әшкереленді. Ал 2 миллиард теңгені алып қашпақ болған білім бөлімі бас бухгалтерінің атышулы әрекетіне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. 2020 жылдан бері қазына қаражатын жымқырғандардың мемлекетке келтірген шығыны төрт миллиард теңгеден асты.
Дулат Мадияров, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
- Қылмыстық іс бойынша 20 азамат күдікке ілініп отыр. Оның бесеуі қамауда отыр. Залалдың мөлшері үлкен болғанымен оны өтеуге үлкен жұмыс атқарылып жатыр. қазіргі таңда соттың санкциясымен шашамен 3 млрд теңгенің ақша қаражатына теңестірілетін заттарға арест қойылды.