«Семей орманы» аумағында тағы да өрт шықты
Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватының аумағында тағы өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Резерватқа қарасты Беген орманшылығында құрғақ шөп пен ағаштар жанған. Тілсіз жау 20 гектар жерді шарпыған. Оны ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрілігіне қарасты бөлімшелер мен әскери бөлімінің 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді. Министрліктің тікұшағы да тартылды.
Өрт шарпыған аумақта «Шошқала» демалыс аймағы орналасқан. Сол себепті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіп сейілгенше демалыс аумағынан шығу ұсынылды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қазір оқиға орнында жүр.