Жамбыл облысында жүк вагондары жолдан шығып кетті
Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға салдарынан жолаушылар пойыздарының жүру кестесі өзгерді. Пойыздар ауызсумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ондағы мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Дерекке қатысты «Қазақстан темір жолы» компаниясының арнайы комиссиясы құрылды.