Шымкентте тұрмыстық техника сататын дүкен өртенді
Шымкентте екі қабатты тұрмыстық техника сататын нысан өртке оранды.
Қызыл жалын салдарынан сауда нысанының шатыры мен тауар толы қоймасы толық жанып кетті. Апат аумағынан 5 газ және 1 оттегі баллоны қауіпсіз аумаққа шығарылды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері апатты оқшаулау мақсатында көрші көпқабатты үйдің тұрғындарын толық эвакуациялады. Оқиға орнына 120 өрт сөндіруші мен 17 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ апаттар медициналық орналығының өкілдері де тартылды. Өрттің шығу себебі мен жалпы материалдық залал көлемі тергеу барысында белгілі болады.
Мадияр Жақсыбаев, қалалық ТЖД бастығы:
- Алдын ала болжам бойынша өрттің жалпы көлемі 800 шаршы метр болып тұр. Оның ішінде жаңағы дүкен мен қоймасы. Өрттің шығу себебі мен қашан оқшауланды қосымша хабар беретін боламыз.