Жол апаты: Бірнеше күнде 24 адам қаза тапты
Соңғы бірнеше күнде Қазақстанда жол апатынан 24 адам қаза тапты.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Мәселен 15 шілдеде Абай облысында Lada автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автомашинаның аударылуына жол берді. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам түрлі жарақат алды. 16 шілде күні Доссор – Құлсары – Бейнеу автожолында Chevrolet Сobalt жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Жеті адам қаза тапты. Ал кеше Түркістан облысында 10 адамның өмірін қиған жол апаты болды. Жол қателіктерді кешірмейтінін бәрі біледі, сондықтан жүргізушілерден асықпауды сұраймыз делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Жол қателіктерді кешірмейтінін бәрі біледі. Сондықтан жүргізушілерден асықпауын сұраймыз. Осы қайғылы жол апаттарын ескере отырып әкімшілік полиция комитеті жол жүрісіне барлық қатысушылардың қауіпсіз жүріс жылдамдығымен автокөліктер арасындағы ара қашықтықты қатаң сақтауға шақырады. Бүгінде еліміздің жолдарында 1022 адам қаза тауып 7370 адам жарақат алған. Олардың өмірі жол көлік оқиғасына дейін және кейін болып екіге бөлінді. Себебі олардың қаншасы аман қалатыны қаншасы мүгедек боп қалатыны белгісіз.