Абай облысына найзағай түсіп, орман өртенді
Абай облысындағы "Семей орманы" аумағындағы өртті сөндіруге 130 адам жұмылдырылды.
Астана мен Қарағандыдан қосымша көмек барады. Өрт бүгін түс қайта найзағай жарқылынан кейін тұтанды деген хабар түскен. Алдымен Байдәулет орманшылығында, кейін басқа да аумақтарды шарпыған. Қазір жағдай әуеден бақылауға алынды. "Қазавиақұтқару" және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары көмекке келді.