«Азаматтарға арналған үкімет» ұйымының жергілікті бөлім бастығы қамауға алынды
Ақмола облысында «Азаматтарға арналған үкімет» ұйымының жергілікті бөлім бастығы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.
Бұл жайт Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің арнайы жүргізген жедел-тергеу шарасы нәтижесінде анықталды. Қазір тергеу жұмыстары басталды. Күдікті қамауға алынды.