Жамбыл фосфор зауытындағы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды
Жамбыл фосфор зауытындағы оқыс оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды.
Мамандар апатқа не себеп болғанын анықтайды. Әлеуметтік желіде зауыттағы оқыс жайттың бейнесі тарады. Химиялық цистерналардың бірі өртенген уақытта екі жұмысшы болған. Оның біреуі өрттен қашып құтылған көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, екеуін химиялық күйік шалған. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша қауіпсіздік техникасы сақталмаған деген болжам бар.