Алматыдағы қоймада тұтанған өрт оқшауланды

Алматы қаласындағы қоймалардың бірінде тұтанған өрт оқшауланды.

От 2 мың 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 25 техника мен 85 адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, қоймадағы өрт туралы хабарлама бүгін таңғы сағат 07:16-да келіп түсті. Нысанның құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура салдарынан ғимараттың құлау қаупі пайда болды. Қазір көрші нысандарды қызыл жалыннан қорғауға оқпандар енгізілді.