Талдықорғанда әскери қызметкер қаза тапты

Талдықорғанда әскери ұшақты ұшуға дайындау кезінде снаряд жарылды.

Майор шеніндегі әскери қызметкер сол жерде көз жұмған. Тағы бір сарбаз ауруханаға жеткізілді. Авиациялық базадағы қайғылы жағдайды қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқиғаға қатысты тергеу басталған. Қарулы күштер қолбасшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.