Түркістан облысында суға кеткен 8 адамның мәйіті табылды
Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның 8-нің денесі табылды. Олардың екеуі - ересек, 6-ы жасөспірім.
Қалған іздестіріліп жатқан 3 адамның да екеуі жасөспірім, біреуі кәмелет жасына толмағаны анықталды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен жағасына демалуға барған 20 адамның барлығы - бір әулеттен тараған төрт отбасының мүшелері.
Олардың Отырар ауданына қарасты, Көксарай ауылының тұрғындары екені белгілі болды. Іздеу шараларына 144 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылды.
Қайғылы жағдай кеше кешкісін Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Марқұмдардың барлығы шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кеткен.