Бурабай курорттық аймағында 17 адам астан ұшынды
Бурабай курорттық аймағындағы ірі қонақүйдің 17 қызметкері астан ұшынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Қалғанының жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.
Серік Омарханов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қазір қонақүйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардан 40-қа жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күн аралығында белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ.