Жер сілкінісі. Шымкентте оқу-жаттығу өтті

Шымкентте сиреналық қондырғылар іске қосылып, жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті.

Төтенше жағдайлар департаменті бекітілген сценарий бойынша 7 балдық жер сілкінісі кезіндегі әзірлік іс-әрекеттерді пысықтады. Тұрғындарды эвакуациялау бес аудан аумағында орналасқан көпқабатты үйлерде жүргізілді. Құтқарушылар кинологтармен бірге қиранды астынан іздеу шараларын жасап, тұтанған өртті сөндірді. Жедел штаб құрылып, дереу шатырлы қалашықтар бой көтерді. Азаматтық қорғау қызметкерлері баспанасыз қалған адамдардың жеке басын анықтап, алғашқы медициналық көмек пен психологиялық кеңес берді.

Оқу-жаттығу жиыны екі күнге созылады. 

Эльдар Паттахов, Абай аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы:

- Өзіңіз көріп тұрғандай, мына шатырлы қалашықта 21 мекеменің қызметкерлері тартылған. Яғни медициналық қызмет көрсету, полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау, психолог мамандар зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті.