Атырауда ителгіні шетелге асырмақ болғандар ұсталды

Атырауда ителгі құсын, шетел асырмақ болғандар ұсталды.

Ұйымдасқан топ әуежайда 28 ителгі құсымен қолға түсті. Арасында шетел азаматтары да бар. Олар қызыл кітапқа енген мақұлықты Шығыс елдерінің біріне жеткізбек болған. Күдіктілердің бірінің үйінен ителгі құсын ұстауға арналған бөлме, ұйық-тататын медициналық препараттар табылды. Мемлекетке 200 млн теңгеден астам шығын келген. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.