Қарағанды облысында шағын ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.
Бұл ақпаратты азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі растап отыр.
Оқиға бүгін «Балапан» алаңында болған.
«Сағат 07:46-да ұшқан ұшақ экипажымен кенеттен байланыс үзілген. Іздеу жұмыстары кезінде қираған ұшақ пен екі адамның денесі табылды. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталып кетті» делінген құзырлы орган таратқан ақпаратта.