Петропавлда газ тасымалдайтын көлік өртенді

Петропавлда жанар-жағармай құю бекетінде өрт шықты.

Тілсіз жау станцияға газ әкелген жүк көлігінен шыққан. Лезде лап берген оттан жүргізуші зардап шекті. Денесін күйік шалған ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердлің айтуынша оның жағдайы ауыр. Оқиға орнына келген құтқарушылар газ құбырын өшіріп, жарылыстың  алдын алды. Қазір болған жағдайдың себеп-салдары анықталып, шығын көлемі есептеліп жатыр. Болжам бойынша өрттің тұтануына техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталмауы себеп.  

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Бірінші бөлімшелер екі минуттың арасында оқиға орнына келіп, бірден өрт сөндіруге кірісіп кетті. Қасында тұрған осы газ құю бекеті және ол жердегі көлікті жөндеу станциясы, сонымен қатар осы жердегі осы газ құю станциясының 10 тонналық газ цестернасын аман алып қалуға мүмкіндік берді.