Ақмола облысында қаржы пирамидасының жолы кесілді
«Eolus» деп аталатын компания үш ай бойы азаматтардан жосықсыз ақша жинап келген.
Ал олардың сөзіне сеніп, салым салғандарға күнделікті 3 процент көлемінде кіріс түсіруге уәде еткен. Компания шетелден жаңартылған энергия көздерін, жел электр генераторларын енгіземіз деп жалған жарнама да жасаған. Қазір осы ұйымның әрекетінін зардап шеккен тұлғалар анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі