Жетісу облысында екі полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерген екі полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олар Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының аумағында орналасқан 7 дәріханаға тексеріс жүргізіп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған. Жетісу облыстық прокуратурасы бұл әрекеттің заңсыз екенін анықтап,   тексеру іс-шараларының нәтижесін жарамсыз деп тапты. Өйткені ел Президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы №229-шы Жарлығымен кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мараторий жарияланған болатын.

Ләйлім Әбілмәжінова, Жетісу облысы прокурорының көмекшісі:

-Жетісу облысы полиция қызметкерлері мараторийға қарамастан тексеру шараларын жүргізгені анықталды. Прокурорлық актімен тексеру шаралары заңсыз деп танылды. Кінәлі қызметкерлер қатаң сөгіс жауапкершілігіне тартылды және ескерту алды.