Ақтөбеде газ желісінен ақау анықталды
Ақтөбеде газ құбырларының бірінде ақау анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Төтенше жағдай Береке тұрғын үй алабы ауданындағы реттеу станциясында болған. Оқиға орнына жеткен тиісті мекеме өкілдері желі бойындағы жарықты анықтап, газдың шығуын тоқтатты. Зардап шеккен ешкім жоқ. Әрі тұтынушыларға көгілдір отын беру қосымша құбыр арқылы жүріп жатыр. Оқиға орнында «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.