Петропавлда кәріз коллекторы жарылды
Оқыс оқиға кеше болған. Содан бері апат болған жерде жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Әзірге ақаудың неден болғаны белгісіз. Кәріз қалдықтары жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлесін жайылған. Қазір оның деңгейі түсіп, су сору шаралары атқарылып жатыр.
Вячеслав Визерев, су тарту кешенінің басшысы:
- Бұл коллектор 1966 жылы салынған. Ал оның қызмет көрсету мерзімі – 25 жыл. Қазір оны ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр.