Шымкентте көші-қон полициясының қызметкерлері жазаға тартылды
Шымкент қаласында шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартудың 72 дерегі анықталды.
Ал арзан еңбек күшін елге шақыртқан тұлғаларға ешқандай шара қолданылмаған. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Осыған қатысты көші-қон полициясының 11 қызметкеріне тәртіптік жаза тағайындалды. Олар мемлекеттік қызметтің беделін түсірді және лауазымға кір келтірді деген баппен айыпталды. Қызметтік міндетіне немқұрайлы қараған инспекторларға жыл ішінде қайта шағым түссе, жұмыстан босатылады,-дейді мамандар.
Қали Бейсембаев, қала прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры:
- 50-бап деген ол мемлекеттік қызметке кір келтіретін, теріс қылық жасағаны үшін деп аталады. Соның көрінісі болуы салдарынан оларға осы жаза қолданылып отыр. Қайталанатын болса жұмыстан босату.