Бишімбаев ісі бойынша мейрамхана директоры ұсталды
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша кісі өлімі тіркелген «Гастро-Орталық» мейрамханасының директоры ұсталды.
Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ол қылмысты жасырып, дер кезінде полицияға хабарламағаны үшін айыпталуы мүмкін.
Марат Төлебаев, қалалық полиция департаментінің бастығы:
- ҚР Қылмыстық Кодексінің 432-бабына сәйкес, қылмысты жасырғаны үшін «Гастро-Орталық» директоры тергеу изоляторына қамалды. Тағы да Қылмыстық Кодекстің 434-бабы бойынша қылмыстың болып жатқаны туралы ақпарат бермегені үшін және 119-бабының 3-тармағына сәйкес, зардап шегушіні қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Іс Астана қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының және Ішкі істер министрлігінің бақылауында.