Талдықорған полиция басқармасының бастығы қамауға алынды

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы қамауға алынды. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

Күдікті қазір Талдықорғандағы уақытша ұстау абақтысында отыр. Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың мәлімдеуінше, оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120-бабы, 2-бөлігімен, яғни, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атығай Арыстанов, облыстық Полиция департаментінің бастығы:

- Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындау мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.