Ертіс өзеніне екі адам батып кетті
Ертіс өзенінде екі адам суға батып кетті.
Бірінің денесі табылды. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстарына Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі жұмылдырылды. Осыған байланысты құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Суға түскен кезде жеке құтқару құралдары болуы қажет. Қараңғы уақытта және қолайсыз күн райы кезінде су жағасына баруға тыйым салынады.