Ұлытауда «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы халықтан ақша бопсалаған
Ұлытаудағы «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалының басшылығы халықтан ақша бопсалаған.
Филиал басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық нысандарынан 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша алған. Мұны қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі хабарлады. Ведомство мәліметінше аталған тұлғалар қаражатты,,, газды қосу және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.