«Қазақмыста» екі кенші қаза болды

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлады.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда – делінген компания таратқан ақпаратта.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.