Алматы облысында автобусты тоқтатқан Ақжол Герой
Айдау жолда қатты жүріп келе жатқан автобустың жүргізушісі аяқасты есін жоғалтқан.
Бірақ жолай қоғамдық көлікке отырған оқушы тез қимылдап, тежегішті басып үлгерді. Енді болмағанда автобус үйге соғылар еді. Оқиға Алматы облысының Өтеген батыр кенті маңында болған. Автобусты тоқтатқан Ақжол Герой №24 мектеп-лицейде 8 сыныпта оқиды. Көпбалалы отбасының тұңғышы, мінезі ашық, әрқашан көмекке дайын тұратын бала, дейді ұстаздары. Атасы 1946 жылы 9 мамырда туғандықтан оған Герой есімі берілген. Бұл батылдықтың, жауапты істің үлгісі екенін айтқан облыс әкімі Ақжолға сыйлық тарту етті. Ал жүргізуші ем қабылдап жатыр.
Ақжол Герой, оқушы:
- Мен енді болашақта полиция қызметкері болғым келеді. Адамдарға көмектесіп,ерлік жасағым келеді.