Алматыдағы өртке қатысты тың деректер айтылды. LIVE

"Хабар24" арнасының тілшілері Алматыдағы өрт туралы ақпарат тарату үшін оқиға орнында жүр.

Айта кетейік бүгін қалада таңғы 6-лар шамасында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды. Соның салдарынан 13 адам қаза тапты.

Жалпы, үйде 72 адам болған екен, оның 59-ы қауіпсіз жерге шығарылды. Дәл қазір әріптесім Гүлжан Көленқызы бізбен тікелей байланысқа шықты.